+163 бонус

Фунгисол раствор 10 мг/мл 20 мл

3270 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Нафтифин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Хорватия
  • Өндіруші: ЯДРАН-ГАЛЕНСКИ ЛАБОРАТОРИЙ а.о.
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат - нафтифин гидрохлориді, 10.0 мг, қосымша заттар: пропиленгликоль, этанол (96 %), тазартылған су.
Қолданылуы
- табан терісінің зеңдік ауруларын жергілікті емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Фунгисол® тәулігіне бір рет тазартылған және мұқият кептірілген зақымданған теріге және соның маңайына жағу керек. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Препараттың дозасын түзету қажет емес. Егде жастағы пациенттер Препараттың дозасын түзету қажет емес. Балалар Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде нафтифин гидрохлоридін қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Дәрілік препаратты балалар популяциясында қолдану туралы деректер жоқ. Енгізу әдісі және жолы Препарат сыртқа қолдануға арналған. Ерітіндіні терінің зақымдалған бөлігіне және оның маңына тікелей құтыдан тамшылатқыш немесе суланған мақта дискілерінің көмегімен, терінің барлық беті мұқият өңделетіндей етіп жағу керек. Емдеу ұзақтығы Аурудың қайталануын болдырмау үшін емдеуді аурудың клиникалық белгілері жойылғаннан кейін кемінде 2 апта бойы жалғастыру керек. Егер емнің 4 аптасынан кейін симптомдар азайтылмаса немесе күшейтілсе, медициналық тексеру жүргізу және емдеудің емдік тәсілін бағалау қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.