+126 бонус

ФОРЦИП 500 мг №10 таб

2530 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ципрофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Великобритания
  • Өндіруші: VEGAPHARM LLP
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 583,00 мг ципрофлоксацин гидрохлориді (500,00 мг ципрофлоксацинге баламалы), қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон, кросповидон, сусыз коллоидты кремний, тальк, магний стеараты. үлбірлі қабық құрамы: гипромеллоза 6 сР (НРМС 2910), макрогол 6000, титанның қостотығы (Е 171), тальк, диметикон.
Қолданылуы
Ересектер Грам-теріс бактериялар тудырған төменгі тыныс жолдарының аурулары: өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі (әдетте, осы инфекцияларды емдеуге ұсынылатын басқа антибиотиктер қолдануға келмейді деп саналатын жағдайларда ғана) муковисцидоз немесе бронхоэктаздар кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары пневмония. Созылмалы іріңді ортаңғы отит, созылмалы синусит өршуі (әсіресе, егер оны грам-теріс бактериялар тудырған болса) Несеп шығару жолдарының инфекциялары: асқынбаған жедел цистит (әдетте, осы инфекцияларды емдеуге ұсынылатын басқа антибиотиктер қолдануға келмейді деп саналатын жағдайларда ғана) жедел пиелонефрит несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары бактериялық простатит. Жыныс жолдарының инфекциялары гонококк уретриті және цервициті (сезімтал Neisseria gonorrhoeae тудырған) эпидидимоорхит, кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары (оның ішінде сезімтал Neisseria gonorrhoeae тудырған). Асқазан-ішек жолының инфекциялары (мысалы, саяхатшылар диареясы). Құрсақішілік инфекциялар. Грам-теріс бактериялар тудырған терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары. Қатерлі сыртқы отит. Сүйектер мен буындар инфекциялары. Менингококк инфекциясы туғызған инвазиялық аурулар профилактикасы. Сібір ойық жарасының өкпедегі түрі (жанасудан кейінгі профилактика және түбегейлі емдеу). Нейтропения мен қызба бар пациенттерді емдеу (қызбаға бактериялық инфекция түрткі болды деген күмән болғанда). Балалар және жасөспірімдер Муковисцидоз аясындағы Pseudomonas aeruginosa тудырған бронх-өкпе инфекциялары. Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары және жедел пиелонефрит. Сібір ойық жарасының өкпедегі түрі (жанасудан кейінгі профилактика және түбегейлі емдеу). Балалар мен жасөспірімдерде, қажет болса, Форцип препаратын ауыр инфекцияларды емдеу үшін де қолдануға болады.
Қарсы көрсетілімдер
– әсер етуші затқа және хинолондар тобының бактерияға қарсы препараттарына немесе 6.1 бөлімінде тізбеленген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық – тизанидинмен бір мезгілде қолдану.
Дозасы
Препаратты қабылдау режимін дәрігер қолдану көрсетілімдеріне, инфекцияның ауырлығына және орналасуына қарай әркімге жеке белгілейді. Балалар мен жасөспірімдерде қоздырғыштың препаратқа сезімталдығын, бүйрек функциясын, пациенттің дене салмағын анықтап алады. Белгілі бір қоздырғыштар тудырған ауруларды, сондай-ақ кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары, құрсақішілік инфекциялар, нейтрофилдер саны төмен пациенттердегі инфекциялар, сүйектер мен буындар инфекциялары сияқты ауруларды емдеу үшін, қоздырғыш түріне қарай, Форцип препаратының өте жоғары дозаларын және/немесе бактерияға қарсы басқа препараттарды бір мезгілде тағайындау керек болуы мүмкін. Ересектер Төменгі тыныс жолдарының инфекциялары: 500-750 мг, күніне 2 рет, 7-14 күн. Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары Созылмалы синусит өршуі: 500-750 мг, күніне 2 рет, 7-14 күн. Созылмалы іріңді ортаңғы отит: 500-750 мг, күніне 2 рет, 7-14 күн. Қатерлі сыртқы отит: 750 мг, күніне 2 рет, 28 күннен 3 айға дейін. Несеп шығару жолдарының инфекциялары Қуықтың асқынбаған жедел қабынуы: 250-500 мг, күніне 2 рет, 3 күн. Қуықтың асқынған қабынуы, жедел пиелонефрит: 500 мг, күніне 2 рет, 7 күн. Асқынған пиелонефрит: 500-750 мг, күніне 2 рет, кемінде 10 күн, айрықша жағдайларда емдеу ұзақтығы 21 күннен артық (мысалы, абсцесс кезінде) созылуы мүмкін. Бактериялық простатит: 500-750 мг, күніне 2 рет, 2-ден 4 аптаға дейін (жедел түрінде) және 4-6 апта (созылмалы түрінде). Жыныс жолдарының инфекциялары Сезімтал гонокококк инфекциясы тудырған несеп шығару өзегінің және жатыр мойнының қабынуы: 500 мг бір реттік доза (1 күн). Аталық бездің және оның қосалқысының қабынуы, сезімтал гонокококк инфекциясы тудырған кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары: 500-750 мг, күніне 2 рет, кемінде 14 күн. Асқазан-ішек жолының инфекциялары және құрсақішілік инфекциялар Бактериялар тудырған сұйық нәжістің жиілеуі (1 типті дизентерияны тудыратын ішек таяқшасынан және саяхатшылардың ауыр диареясының белгісіз қоздырғышынан басқа): 500 мг, күніне екі рет, 1 күн. Инфекциялық диарея (оның ішінде 1 типті дизентерия қоздырғышы тудырған): 500 мг, күніне екі рет, 5 күн. Тырысқақ қоздырғышы тудырған диарея: 500 мг, күніне екі рет, 3 күн. Іш сүзегі: 500 мг, күніне екі рет, 7 күн. Құрсақішілік инфекциялар: 500-750 мг, күніне 2 рет, 5-тен 14 күнге дейін. Терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары: 500-750 мг, күніне екі рет, 7-14 күн. Сүйектер мен буындар инфекциялары: 500-750 мг, күніне екі рет, көп дегенде, 3 айға дейін. Қан құрамында нейтрофилдік лейкоциттер төмен және қызбасы бар пациенттерде инфекциялық ауруларды емдеу немесе профилактикасы: (әдетте, басқа антибиотикпен (-термен) біріктірілімде): қанда нейтрофилдік лейкоциттер мөлшері төмен болатын бүкіл кезең бойына 500-750 мг күніне екі рет. Менингококк инфекциясы тудырған аурулар профилактикасы: 500 мг, бір рет, 1 күн. Сібір ойық жарасының өкпедегі түрінің жанасудан кейінгі профилактикасы және емдеу препараттардың пероральді дәрілік түрлерін қабылдауға қабілетті пациенттерде (болжанған немесе расталған әсерінен кейін мүмкіндігінше тезірек бастау керек): 500 мг күніне екі рет, сібір ойық жарасы қоздырғышының әсері расталған сәттен бастап 60 күн, емдеуді болжанған немесе расталған әсерінен кейін мүмкіндігінше тезірек бастау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.