+104 бонус

БАРАЛГИН М 500 мг №20 таб

2090 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метамизол натрия
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ИНДИЯ
  • Өндіруші: ООО ОПЕЛЛА ХЕЛСКЕА
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: натрий метамизолы 500 мг, қосымша заттар: полиэтиленгликоль 4000, магний стеараты
Қолданылуы
жарақаттан немесе хирургиялық араласымнан кейін қатты жедел ауырсыну жедел шаншып ауырсыну онкологиялық аурулар кезіндегі ауырсыну басқа емдеу әдістері болмаған кезде қатты жедел ауырсыну немесе созылмалы ауырсыну басқа препараттармен емделмейтін жоғары температура
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық басқа пиразолондарға немесе пиразолидиндерге жоғары сезімталдық, оның ішінде осы топтың препаратын қабылдағаннан кейін бастан өткерген агранулоцитоз анальгетиктерді қолданғаннан кейін (салицилаттар, парацетамол немесе диклофенак, ибупрофен, индометацин немесе напроксен сияқты басқа есірткілік емес анальгетиктер) бронх түйілуі немесе басқа анафилактоидты реакциялар (мысалы, есекжем, ринит немесе Квинке ісінуі) пайда болатын пациенттер жедел ұстамалы бауыр порфириясы (порфирия ұстамаларының пайда болу қаупі) сүйек кемігі функциясының бұзылуы, мысалы, цитостатиктермен емдеуден немесе қан түзу ағзаларының ауруларынан кейін глюкоза-6-фосфат дегидрогеназаның туа біткен тапшылығы (гемолиз қаупі) жүктілік кезеңі (үшінші триместр) 15 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Доза ауырудың немесе жылудың қарқындылығына, сондай-ақ пациенттің Баралгин® М препаратының әсеріне қаншалықты сезімтал екендігіне байланысты анықталады. Ауырсыну мен қызуды бақылауға мүмкіндік беретін ең төменгі дозаны таңдау өте маңызды. Ересектер мен 15 жастағы және одан асқан жасөспірімдер (> 53 кг) 1000 мг-ға дейін натрий метамизолын тәулігіне 4 ретке дейін 6-дан 8 сағатқа дейін қабылдай алады. Бұл 4000 мг ең жоғары тәуліктік дозаға сәйкес келеді. Препаратты пероральді қолданғаннан кейін әсерге 30-60 минуттан кейін қол жеткізіледі. Төмендегі кестеде дене салмағына және жасына байланысты препаратты қабылдаудың ұсынылған бір реттік дозалары мен ең жоғары тәуліктік дозалары көрсетілген: Дене салмағы Бір реттік доза Ең жоғары тәуліктік доза кг жасы таблеткалар мг таблеткалар мг >53 ≥15 жас 1-2 500-1000 8 4000 Енгізу әдісі мен жолы Пероральді. Таблеткаларды шайнамай, жеткілікті мөлшерде су іше отырып, жұту керек. Негізінен, енгізу тәсілін таңдау қалаулы ауыруды басатын әсеріне және пациенттің физикалық жағдайына байланысты. Көп жағдайда препаратты пероральді қабылдау арқылы қалаулы ауыруды басатын әсерге қол жеткізіледі. Вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізу жылдам әсер қажет болған жағдайда немесе пероральді немесе ректальді енгізу көрсетілмеген жағдайда ұсынылады. Сезілетін әсерді пероральді қолданғаннан кейін 30-60 минуттан кейін және парентеральды енгізуден кейін 30 минуттан соң күтуге болады. Енгізу тәсілін таңдағанда, препаратты парентеральді енгізу парентеральді енгізу кезінде анафилаксиялық немесе анафилактоидты реакциялардың даму қаупінің жоғарылауымен байланысты екенін ескеру қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.