+125 бонус

АТОРВАСТАТИН-САНТО 40 мг №30 табл

2500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Аторвастатин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - кальций аторвастатині 10.84 мг 21.68 мг 43.36 мг (аторвастатинге шаққанда) (10.000) (20.000) (40.000) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз лактоза, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты қабықтың құрамы: Опадрай® ақ (гипромеллоза, титанның қостотығы (E171), полиэтиленгликоль/макрогол)
Қолданылуы
бастапқы гиперхолестеринемиясы бар, оның ішінде тұқым қуалайтын (гетерозиготалық) гиперхолестеринемиясы немесе біріктірілген (аралас) гиперлипидемиясы (Фредриксон жіктемесі бойынша IIa және IIb түрлеріне сәйкес келеді) бар, ересектердегі, жасөспірімдер мен 10 жастан асқан балалардағы жалпы холестерин (ЖХс), тығыздығы төмен липопротеидтер холестерині (Хс-ТТЛП), В аполипопротеині мен триглицеридтердің жоғары деңгейін төмендету үшін диетаға қосымша, диета және басқа да дәрі-дәрмектік емес шаралар жеткілікті әсер етпеген кезде. емдеудің басқа әдістеріне қосымша ретінде (мысалы, ТТЛП аферезі), немесе басқа әдістерді қолдану мүмкін болмаған жағдайларда гомозиготалық тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар ересектерде жалпы холестерин (ЖХс) және ТТЛП холестерин (Хс-ТТЛП) деңгейін төмендету үшін. Жүрек-қантамырлық бұзылулардың профилактикасы Бастапқы жүрек-қантамыр оқиғасының жоғары қаупі бар ересек пациенттерде жүрек-қантамырлық бұзылулардың профилактикасы, басқа қауіп факторларын түзету аясында қосымша шара ретінде.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бауырдың белсенді ауруы немесе сарысу трансаминазалары белсенділігінің шығу тегі белгісіз жоғарылауы (қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда 3 еседен астам) жүктілік және лактация кезеңі, сондай-ақ контрацепцияның талапқа сай әдістерін пайдаланбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер. С гепатитін глекапревир/пибрентасвир вирусқа қарсы препараттарымен емдеу
Дозасы
АТОРВАСТАТИН-САНТО® препаратын қолдануды бастамас бұрын пациентке стандартты гипохолестеринемиялық диета тағайындалуы керек, оны емдеу кезінде сақтауды жалғастыру керек. Препараттың дозасын Хс-ТЖЛП бастапқы деңгейін, емдеу мақсатын және пациенттің жүргізілетін емге реакция беруін ескере отырып, жекелей таңдау қажет. Стандартты бастапқы доза тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Дозаны түзету 4 апта немесе одан да көп аралықпен жасалуы керек. Препараттың ең жоғары дозасы тәулігіне бір рет 80 мг құрайды. Бастапқы гиперхолестеринемия және біріктірілген (аралас) гиперлипидемия Көптеген пациенттерге АТОРВАСТАТИН-САНТО® препаратын тәулігіне бір рет 10 мг дозада қолданған кезде жағдайды бақылауға қол жеткізуге болады. Емдік әсері 2 апта ішінде пайда болады және әдетте төрт аптадан кейін ең жоғарысына жетеді. Қол жеткізілген әсер ұзақ емдеу кезінде сақталады. Гетерозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемия АТОРВАСТАТИН-САНТО® препаратының бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Препарат дозасы жекелей таңдалуы керек. Дозаны түзетуді тәулігіне 40 мг дозаға жеткенге дейін әрбір 4 апта сайын жүргізу қажет. Содан кейін препараттың дозасын ең жоғары дозаға - 80 мг дейін арттыруға немесе өт қышқылдарының секвестранттарымен және аторвастатинмен тәулігіне бір рет 40 мг дозада біріктіріп ем тағайындауға болады. Гомозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемия Қолдану жөніндегі деректер шектеулі. Гомозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар пациенттердегі аторвастатиннің дозасы тәулігіне 10-нан 80 мг-ге дейін құрайды. Бұл пациенттерге аторвастатинді басқа гиполипидемиялық емдеу әдістерімен (мысалы, ТТЛП-аферезі) біріктіріп немесе осы әдістерді қолдану мүмкін болмаған кезде қосымша дәрі ретінде қолдану керек. Жүрек-қантамырлық бұзылулардың профилактикасы Профилактика жөніндегі негізгі зерттеулерде препараттың тәулігіне 10 мг дозасы қолданылды. Қазіргі нұсқаулардың талаптарына жауап беретін холестерин деңгейіне (ТТЛП) қол жеткізу үшін препараттың жоғарырақ дозаларын қолдану қажет болуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Препараттың дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге АТОРВАСТАТИН-САНТО® препаратын сақтықпен қолдану керек. Бауырдың белсенді фазадағы аурулары бар пациенттерге АТОРВАСТАТИН-САНТО® препаратын қолдануға болмайды. Басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану Аторвастатинмен бір мезгілде цитомегаловирустық инфекцияның профилактикасы үшін С гепатитіне қарсы элбасвир/гразопревир немесе летермовир вирусқа қарсы препараттарын қабылдайтын пациенттерде аторвастатин дозасы тәулігіне 20 мг аспауы тиіс. Летермовирді циклоспоринмен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге аторвастатинді қолдану ұсынылмайды Егде жастағы пациенттер Препаратты ұсынылатын дозаларда қабылдаған кезде 70 жастан асқан пациенттерде оның тиімділігі мен қауіпсіздігінің жалпы популяциядағы осындайлардан айырмашылығы жоқ. Балалар Гиперхолестеринемия: Емдеуді балалардағы гиперлипидемияны емдеу тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі тиіс. Әсерге қол жеткізу үшін емделу кезіндегі жақсаруды бағалау үшін пациенттерді жүйелі түрде қайта бағалау қажет. 10 жастағы және одан үлкен пациенттер үшін аторвастатиннің ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 10 мг құрайды. Дозаны емдеуге жеке реакцияны және жағымдылығын ескере отырып, күн сайын 80 мг-ге дейін арттыруға болады. Дозалар емнің ұсынылған мақсатына сәйкес жеке-дара болуы тиіс. Дозаны түзету 4 апта немесе одан да көп аралықпен жасалуы керек. Дозаны күн сайын 80 мг дейін титрлеу ересек пациенттердің қатысуымен жүргізілген зерттеулердің деректерімен және гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар балалардың қатысуымен жүргізілген зерттеулердің шектеулі клиникалық деректерімен негізделеді. 6-10 жас аралығындағы гетерозиготалы отбасылық гиперхолестиринемиясы бар балаларға жүргізілген ашық зерттеулер барысында анықталған тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы шектеулі деректер бар. Аторвастатинмен 10 жастан кіші пациенттерді емдеуге болмайды. Осы санаттағы пациенттерге басқа дәрілік түрлерді/дозаларды қолдану неғұрлым дұрыс болуы мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған АТОРВАСТАТИН-САНТО® препаратының бүкіл тәуліктік дозасын тамақтануға қарамастан, күннің кез келген уақытында бір рет қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.