Appteka сервисі енді Halyk Market қосымшасында қолжетімді. Halyk экожүйесінде біздің сервисті пайдалану үшін Halyk немесе Halyk Market қолданбасына кіріп, Halyk Market қосымшасының басты бетіндегі баннерді басыңыз.
Сондай-ақ Halyk Market-тегі Appteka бөліміне тікелей сілтеме арқылы өте аласыз.
Halyk Market арқылы Appteka-да дәріхана тауарларына 5 000 теңгеден бастап тапсырыс берген кезде жеткізу тегін.
Егер бір тапсырыстың жеткізу құны 10 000 теңгеден асса, асқан соманы Пайдаланушы төлейді.
Тегін жеткізу — шектеулі ұсыныс. Жеткізу шарттары өзгертілуі мүмкін.